«Менің елім – Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ КММ-де мектепалды даярлық 0 "А" сыныбында «Менің елім – Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, тақпақтар мен өлеңдер оқыды, сондай-ақ ұлттық ойындар ойнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.