Әлихан Бөкейхан мектебінде «Бір отбасы - бір кітап» тақырыбында әдеби сайыс өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді түрде қатысты. Шараның мақсаты — кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, отбасы мүшелері арасында рухани байланысты нығайту және әдеби шығармаларды бірге оқудың маңыздылығын түсіндіру.
Әр отбасы өз таңдауларын жасап, бір кітапты бірге оқып, оны талқылады. Сайыс барысында қатысушылар кітаптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, шығармаларды сахналық қойылымдармен бейнелеп, шығармашылық жұмыстарды ұсынды.
Бұл іс-шара отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға, оқушыларды кітапқа деген сүйіспеншіліктерін оятуға, сондай-ақ, олардың білім мен тәрбиеде ата-ананың рөлін арттыруға үлкен үлес қосты.