15.11.2024 ж. Мектебіміздің жиын залында полиция департаментінің тапсырмасымен буллинг және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларына фильм көрсетілді. Онымен қоса аталған тақырып бойынша мектеп психологы сұхбат жүргізді. Бұл іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын буллинг және нашақорлық мәселелері туралы ақпараттандыру, олардың осы мәселелерге қарсы тұруға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға және қауіп-қатерден сақтануға бағытталған білім мен дағдыларды дамыту. Сонымен қатар, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарауды насихаттау болып табылады.