Жақып Ақбаев мектебінің оқушылары мұражайымызға саяхаттап келді
12.11.2024 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихи мұражайына Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін 10"а" сынып оқушылары, кітапханашылары «Жошы ұлысына 800 жыл» толуына орай «Жошы хан ұрпағы - Әлихан Бөкейхан» тақырыбында саяхат жасап келді.Мұражайда "Әлихан ізімен", "Ұлт үшін туған ұлы тұлға", "Алаш және Әлихан", "Қазақтың көшпелі мәдениеті", "Ер қаруы-бес қару" секілді ақпарат бұрыштарындағы тарихи деректермен, сондай-ақ Әлихан Бөкейхан туралы зерттеулер, естелік, мақалалар топтастырылған кітап сөрелеріндегі материалдармен танысты.