“Сәуле әжеміздің ертегілер әлемі”
Бүгін мектебімізде ерекше іс-шара өтті. Смайылова Сәуле әжеміз бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқып, оларға қазақ халқының даналығы мен тәрбиелік құндылықтарын жеткізді. Әженің жылы даусы мен әсерлі әңгімелері балаларды ертегілер әлеміне жетелеп, олардың көңілінде үлкен әсер қалдырды.
Мұндай шаралар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне көмектеседі. Сәуле әжемізге алғысымыз шексіз! Ертегілеріңіз балаларымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.