Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте 5-сынып оқушыларының қатысуымен керемет Жаңа жылдық шыршаның ашылу салтанаты өтті. Шара барысында оқушылар әсем әндер шырқап, тақпақтар айтып, әртүрлі қызықты қойылымдар көрсетті. Жаңа жылдық көңіл-күйге толы кеш балалардың қуанышын еселеп, ерекше әсер қалдырды.
Шырша маңында түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды. Бұл мерекелік шара оқушылардың жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуына және өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлес қосты.