Бүгін Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабековпен Журналистика сыныбы арасында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара барысында Ерсін Мұсабеков оқушыларға журналистиканың қыр-сыры, ақпарат таратудағы жауапкершілік және сапалы материал дайындау әдістері жайлы ой бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтың ерекшеліктері мен болашақтағы даму мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, Ерсін Мұсабеков мектеп оқушыларын шығармашылыққа бейім болуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және жаңалыққа ашық болуға шақырды.