2025 жылғы 29 сәуір күні мектебімізде көрнекті еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Сайлау Біләловпен тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — оқушыларға еңбекқорлықтың, отансүйгіштіктің, елге адал қызмет етудің маңызын ұғындыру. Сайлау Біләлов өзінің өмір жолы, еңбек жолындағы жетістіктері туралы әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңесін берді. Ол шопандықтан бастап, Социалистік Еңбек Ері атағына дейінгі өмір белестерін шынайы мысалдармен айтып, еңбекпен келген жетістіктің қадірін түсіндірді. Ұйымдастырушы: Мейрханова Ж.О